352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі Шұбаркөл полигонында «Бейбіт миссия-2018» әскери жаттығуы өтеді

  • 152

Қазақстандық әскерилер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің «Бейбіт миссия-2018» терроризмге қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалып жатыр.

Халықаралық әскери шараға елімізден десанттық шабуылдау әскерінің 200-ден астам сарбазы мен 60 шақты әскери техника қатысады. Биылғы жаттығу ай соңында Ресейдің Челябинск облысындағы Шұбаркөл полигонында өтеді. «Бейбіт миссияға» қазақтандықтардан бөлек Үндістан, Қырғызстан, Қытай мен Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан әскерилері қатысады. Жалпы алғанда оқу-жаттығу жиынына 3 мыңнан астам адам мен 500-ге жуық техника тартылады.

Санат Қанатов, арнайы мақсаттағы шабылдаушы-барлау ротасының бөлімше командирі:

- Үлкен бітімгерлік миссияға бүкіл дүние жүзінен 8 мемлекет қатысады. Біздің дайындық жоғары деңгейде деп ойлаймын. Еліміздің туын жоғарылатып, ар-намысқа тырысамыз. Барынша жақсы жағынан көрініп, дайындығымызды жақсы жағынан көрсетіп қайтуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы