352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде көмір бағасы бақылауда болады

  • 158
Семейде көмір бағасы бақылауда болады

Биыл семейліктер көмірден таршылық көрмеуі тиіс. Әрі баға да бақылауда болады.

Алдағы маусымда шаһардағы жылу орталықтары, әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғындар 600 мың тоннадан астам отын тұтынады. Оның ішінде 100 мың тоннасы қазанның біріне дейін қоймаларға жеткізілуі керек. Бұл үшін қала әкімдігі мен темір жол тасымалымен айналысатын мекемелер келісімге келіп, кесте жасады. Ал бағаны негізсіз шарықтататын алыпсатарлармен күрес күшейе түспек.

 Әсет Сыдықов, көмір өндіруші кәсіпорын басшысының орынбасары:

- Кеніміз жоспарлы ритмде жұмыс істеп отыр. Біз көмір дайындаудан, көмір өңдеуден бүгінде қызметімізді орындап отырмыз. Көміріміз дайын. Біз ойлаймыз биыл ондай ажиотаж болмайды. Халыққа да көмірді уақытында береміз. Бағаларды айтып өтейін. Мынау кеніш басында тиеліп, сатылып жатқан көмір бағасы бүгінде 6200, қаланың басында 7400.

 Ермак Сәлімов, қала әкімі:

- Вагондар кесте бойынша жүргізіледі. Бағалары тұрақты. Тек ғана сол халыққа жеңілдік болсын деп, әкелген көмірді ары қарай әдейі дұрыс бір транспорт компаниясын жалдап, сол кезде бағалар белгілі болады. 7400-ге олар бір мың бір жарым мың қосып отырса, ол дұрыс болады деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы