352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында Степногорск-Бестөбе тас жолы жөнделеді

  • 307
Ақмола облысында Степногорск-Бестөбе тас жолы жөнделеді

Ақмола облысындағы 60 жыл бойы жөндеу көрмеген Степногорск-Бестөбе тас жолы алдағы жылдары толықтай қалыпқа келтіріледі.

Қазір жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жалпы қашықтығы 86 шақырымдық жол өндірістік шаһар мен Бестөбе алтын кенішінің арасын жалғап жатыр. Ал жол-жөнекей Ақсу, Бөгембай, Изобильное ауылдары орналасқан. Осылайша, жол бойындағы елді мекендерде тұратын бас-аяғы 10 мыңға жуық халық енді жаңа жолдың игілігін көреді. Тас жолды қалыпқа келтіруге ел қазынасынан 2 млрд 700 млн теңге қаржы бөлу қарастырылған. Жоспар бойынша биыл 25 шақырымы жөнделеді. Ал қалған құрылыс келесі жылы жалғасады.

Мұсылманбек Есмағұлов, Бестөбе кентінің әкімі:

- Жекеменшік-кәсіпкерлік шарасы бойынша 27 млн теңгеге ПСД жасалған. Осы «Қазақалтын» концерні жасап берді. Ағын су, жаңбыр су өтетін жолдың астындағы құдықтар жөндеуден өтті. Осы 15 тамыздан бастап бір техника келеді. Цемент пен қиыршық тасты араластырып, бетон жасайды. Сосын бетондық негіз болады. Одан кейін 70 мм асфальт салынады.

Хабар 24 телеарнасы