352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысына мектеп оқулықтары уақытында жеткізіледі

  • 112
Қостанай облысына мектеп оқулықтары уақытында жеткізіледі

Қостанай облысында орта мектептерді оқулықтармен қамту үшін жергілікті бюджеттен бір млрд-тан астам қаражат бөлінген.

Қазір кітаптар жергілікті қоймаларға түсе бастады. Бүгінге дейін тиісті көлемнің 31%-ы жеткізілді. «Тасымал жағынан басы артық мәселе туындаған жоқ. Оқулықтар осы айдың соңына дейін тиісті мекемелердің қолына тиеді», - дейді білім басқармасының мамандары.

Гүлнар Ерғалиева, облыстық білім басқармасының әдіскері:

- Облыстың 9 ауданына қазіргі таңда оқулықтарды алып болды. Қазір кітаптар мектеп ғимараттарына, қоймаларға орналастырылып жатыр. Жаңа оқу жылы басталғанша барлық мектептер оқулықпен толық қамтылып, оқушылардың қолына тиетін болады.

Хабар 24 телеарнасы