361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алакөлдегі туризмнің дамуы үшін 12 млрд теңге бөлінеді

  • 158

Шығыс Қазақстанда ішкі туризді дамытуға миллиардтаған қаржы құйылды.

Соның арқасында Алакөл Анталиядан кем түспейтін демалыс орнына айналды. Жаз бойы шипалы көлге 500 мыңдай адам келген. Аумақ абаттандырылып, мемлекет қамқорлығына алынған. Енді кәсіпкерлердің қолдауы маңызды.

Алакөлдің суы шипалы, жанға дауа. Мұнда ағылатын халықтың қарасы көп. Соңғы екі жылда тіпті арта түсті. Себебі көл жағасы абаттандырылып, кейпі мүлде өзгерген. Бұл үшін қазынадан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазір көпшіліктің сүйікті демалыс орнында әдемі қонақүйлер мен құны 150 млн теңгелік заманауи арбат пайда болған. 

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Орташа салық жағын да ойласақ, мына жердегі жылдық айналымы 12 млрд теңге, мүмкін 15 млрд теңге. Ал жарты жыл ішінде салық түсірген 36 млн. Ол енді сөзсіз аз. Біз ойлап тұрмыз біздің кәсіпкерлер заң ретінде салық төлесе ол 450-500 млн теңге болу керек. 

Алдағы 3 жылда Алакөл жағалауын дамытуға тағы 12 млрд теңге бөлінеді. Электр қуаты тартылып, жиектер қоршалады. Қазір мұнда 250-ден аса демалыс кешені бар. Туристерді тегін уай-файмен қамту жағы да қарастырылған. Табиғаттан күш алған халықты рухани байыту да назардан тыс қалмады.

«Mezzo» тобы:

- Осы керемет Алакөл көліне біз бірінші рет келуіміз. Керемет табиғат. Адамдары да керемет. Жақсы қарсы алды.

«Алакөл 2018» фестивалі келер жылы халықаралық дәрежеде ұйымдастырылатын болады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Руслан Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы