352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорск қаласында болашақ кәсіпкерлерге арналған орталық ашылды

  • 104
Степногорск қаласында болашақ кәсіпкерлерге арналған орталық ашылды

Ақмола облысының Степногорск қаласында кәсіп бастағысы келетін азаматтарға арналған қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Смарт-Степ» деп аталатын жаңа нысанда 20 шақты адам еңбек етеді. Ал олардың жартысы екінші деңгейлі банк, жұмыспен қамту орталығы, кәсіпкерлер палатасы және басқа да құзырлы мекемелердің өкілдері. Мұнда келген тұрғындарға кәсіп ашудың қыр-сыры түсіндіріліп, мемлекеттік бағдарламалар жайлы мағлұмат беріледі. Сондай-ақ саладағы жеңілдіктер мен несиелерді алу жолдары да айтылады. Орталық өз жұмысын бастағалы бері 70 адамға осындай қызмет түрлері көрсетілген. Енді нысан басшылығы шаһар мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларын да кәсіпкерлік негіздеріне үйретпек.

Ольга  Ногай, орталық директорының орынбасары:

- Биылғы мектеп бітірушілерінің өте қызықты жобалары бар. Мәселен, бір бала сусыз автокөлік жуу орталығын ашқысы келеді. Міне біз осындай ерекше жобаларға қолдау білдіреміз. Басқа бизнес бастағысы келетін жандарды да қараусыз қалдырмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы