361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында сапасыз қызмет көрсеткен медициналық мекемелер айыппұл төледі

  • 271
Қызылорда облысында сапасыз қызмет көрсеткен медициналық мекемелер айыппұл төледі

Қызылорда облысында емделушілерге сапасыз қызмет көрсеткен медициналық мекемелерге 250 миллион теңге айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 6 айында 65 денсаулық сақтау ұйымымен келісімшарт жасасқан әлеуметтік медициналық қор филиалының өкілдері 3 мыңнан астам кемшілікті анықтаған. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ем-дом алған 44 мыңнан астам сырбойылықтың 8,5 процентін құрайды. Қор тарапынан жүргізілген мониторингтік зерделеу нәтижесі көрсеткендей, көбінесе диагностикалық емдеу шаралары негізсіз өзгеріске ұшырап отырған. Сондай-ақ науқасты тіркеу кезінде қателіктер жіберіліп, сау адамдарға емделуге жолдама беріліп келген. Бұдан былай әлеуметтік медициналық қор қызметкерлері денсаулық сақтау ұйымдары қызметіне ақы төлеу тәртібіне сай келмейтін шығындар мен шығыстарды жіті қадағалайтын болады.  

Бақыт Исмаханбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры:

- Егер ол көбейіп кететін болса, әртүрлі жағдайлар бар, оның бәрі келісімшартта көрсетілген. Белгілі жағдайларда біз келісімшартты бұзып, ол мекемемен қош айтысуымыз мүмкін. 6 ай деген онша көп уақыт емес, сондықтан бізде үлкен кемшілік жіберіп, келісімшарты бұзылайын деп тұрған немесе материалдарын басқа құзыретті органдарға жіберейін деп тұрған мекеме жоқ.

Хабар 24 телеарнасы