361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облыстық ТЖД қызметкерлері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

  • 97

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы қызметкерлері Балқаш көлінде болып, демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Өйткені облыс бойынша биылғы шомылу маусымында 43 адам суға кеткен. «Мұндай қайғылы жағдайлар арнайы жабдықталмаған орындарда суға түсіп, қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады», – дейді мамандар.

Балқашқа тынығу үшін келген азамат жағадан тым алыстап кеткен. Шомылып жүріп, жел тұрғанын да сезбеген сияқты. Құтқарушылардың назарына ілікпегенде, оның аман қалуы неғайбыл еді. Қайғылы жағдайдың көбі осындай немқұрайлылықтан болады.

Рауан Әмірхан, облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы:

- Халыққа айтатынымыз – суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап суға түсулерін сұраймыз. Жабдықталған, арнайы рұқсаты бар жерде суға шомылыңыздар. Балаларды көзден таса қылмаңыздар.

Алматы облысының өзен-көлдерінде биылғы шомылу маусымында 43 адам суға батып кетті. Соның 10-ы жас бала. Барлығы 200-ге тарта адам құтқарылған. Сол себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы бөлімшесіндегілер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар Балқаш көлінің жағасындағы демалушыларға сақтық шараларын түсіндірді.

Досым Сүлейменов, демалушы:

- Қауіпсіздік ережелері нжақсы сақталған. Мен келген сайын осы нұсқауларды тыңдап тұрамын. Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. Әркім өз өміріне өзі жауапты деп есептеймін.

Өткен аптада Балқаш көлінде 7 жасар бала ажал құшты. Бұл жағдай үлкендердің оны қараусыз қалдыруы салдарынан болған. Балқаштағы шешімін таппай келе жатқан көкейтесті мәселенің бірі – көл жағалауындағы адамдар суға түсетін жерлер әлі күнге дейін заңдастырылмаған. Көбі мал шаруашылығына арналған жайылымдық жер ретінде берілген. Бұл мәселені тез арада шешу қажет. «Заманға сай демалыс орындары салынса, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, саяхатшылардың саны да арта түседі», – дейді төтеншеліктер.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы