352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 158

Қарағандыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды.

Жанұя жылулығымен татулығын, бірлігін, тәрбиесін айқындаған бәсекеге биыл 300-ге жуық отбасы қатысты. Бір отбасы спортқа жақын болса, бірі білім мен ғылымда ерекше көзге түсті. Ал көпшіліктің тағатсыздана күткен бас жүлдесіне Қарқаралының Ілімбаевтар отбасы лайық деп танылды. Ізгі жолы мен отбасы берекесін, бірлігін сақтап отырған әулет 19 бала тәрбиелеп, бүгінде немере, шөбере сүйіп отыр. Жеңімпаз жанұя қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Әсем Ілімбаева, жеңімпаз жанұя мүшесі:

- Өте қуаныштымыз. Біз жеңіске жетуде барымызды салдық деп ойлаймын. Өз бірлігімізді бекем ұстадық.

Хабар 24 телеарнасы