359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде энергия тиімділігі орталығы жұмыс істеп тұр

  • 169

Мұнда баламалы энергия көздерін тиімді пайдаланып, жылу мен электр қуатын үнемдеуді үйрететін алаң ашылды.

Ғимараттың өзі күн батареялары мен жел генераторынан қуат алады. Заманауи орталық жүйесіне көршілес көп қабатты үйлерді қосу жоспарда бар. 

Жылудың берілуін реттейтін қондырғы орнатқан үйдің тұрғындары біраз қаржы үнемдеп отырғандарын айтады. Бұрын 2 бөлмелі пәтерге 5000-6000 теңге төлейтін болса, қазір 2500 теңге шығады. Қаланы жылумен қамтып отырған мекеме «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы бойынша жеңілдік жасап,  400-ге жуық үй ортақ есептегіш орнатқан болатын. Кейін, бұл жоба өңірлерді дамыту бағдарламасымен іске аса бастады.

Айқын Ұнбаева, ПИК төрайымы:

- Қондырғыны үйдің жертөлесіне орнаттық. Тұрғындар бірауыздан қолдап, осындай шешім қабылдадық. Жылу температурасын күннің райына қарай реттеп отырамыз. Бұл өте тиімді.

Ал жақында ашылған энергия тиімділігі орталығында мамандар баламалы энергия көздерін пайдалану әдістерін үйретеді. ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін қолға алынған жобаның құны 900 млн теңге. 

Ақсәуле Байменшина, тілші:

- Міне мынау нағыз болашақтың энергиясы. ЭКСПО ғимаратының шатырында күн батареяларының 3 түрі орналасқан. Ғимаратқа қажетті қуаттың 30 пайызға жуыығн осы қондырғылар беріп отыр. Бұл үлгі ретінде жасалған жоба.

Ғимараттың шатырындағы күн батареяларынан алынатын қуат салқын суды ысытуға жұмсалады. Яғни орталық су құбырынан келетін салқын су 65 градусқа дейін ысиды. Күн бұлттанса, қондырғы автоматты түрде табиғи газ көзіне қосылады.

Диас Жақсылықов, мердігер компания өкілі:

- Салқын суды күн сәулесі арқылы жылытып, біздің ғимаратқа көлемі 1 шаршы метр, 1 тонна суды қолдануға  бере аламыз.  Әдейі өзінің қондырғылары бар. Бізде 10 пластинка, осы ғимаратқа есептелген.  Шамамен 200 адам қолдана алады. Асхана, әжетхана бәріне қолданады. 65 градус ыстық су шығып жатыр.

Энергия тиімділігі орталығында жедел басқару бекеті ашылады. Яғни «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жаңа үйлер орталықпен байланыстырылып, барлық коммуналдық қызметтер автоматты түрде басқарылады. Үйлерге ортақ есептегіштер орнатылып, жылу үнемдеу шаралары қолға алынады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы