359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған 15 сауда орталығы жабылады

  • 123

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған 15 сауда орталығының қызметін тоқтату жөнінде әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Құзырлы орган сәуір-мамыр айларында 56 нысанды тексерген. Соның ішінде аумағы 1500 шаршы метрден асатын, яғни өрт қаупі жоғары 43 сауда үйі анықталып, иелеріне ескерту жасалған. Тексеру қорытындысына сәйкес енді қауіпсіздік ережелеріне салғырт қараған 15 сауда нысаны 2 миллион 861 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Мирас Әлекешев, облыстық ТЖД бас маманы:

-  Жоғарыда атап өткен 15 сауда нысанының ішінде 90 күнге, яғни 3 айға қызметін тоқтатқан сауда объектісі «Квант», сондай-ақ Бөрлі ауданындағы «Қазақстан» сауда үйі, сонымен қатар Орал қаласында орналасқан «Золотая чаша» базары. Көбіне кездесетін бұзушылықтар олар өрт дабылының жұмыс істемеуі және тиісті мерзімде өзінің қызмет жасамауы, қызмет көрсетуі. Сонымен қатар эвакуциялық шығу жолдарының жанғыш материалдармен бітелуі және өрт сатыларының тиісті зертханадан өтпеуі.

Хабар 24 телеарнасы