359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Денсаулық сақтау саласы жемқорлықпен күресті барынша күшейтпек

  • 59

Министрлік осы мақсатта мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Келісім аясында жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға бағытталған бірлескен іс-қимылдар дайындалады. Естеріңізде болса өткен жылы бұл министрлік жемқорлық кең жайылған салалардың қатарында болды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін ведомство цифрлық жүйеге көше бастады. Бүгінде барлық өңірлер құжатты электронды түрде толтыруға ден қойған. Соның арқасында әрбір науқасқа қойылған диагноз бен тағайындалған ем түрін тікелей көріп тексере аламыз. Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кері байланыс механизмін іске қосты. Ол арқылы науқас дәрігердің қызметін бағалай алады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Еліміздегі мемлекеттік медициналық мекемелердің 80%-ының бақылау кеңесін құруға мүмкіндігі бар. Оның құрамына дәрігерлерден бөлек заңгер, экономист және қоғамдық ұйымдардың мүшелерін қосуға болады. Бұл мемлекеттік медициналық мекемелердің жұмысын ашық әрі қоғамға жариялы етіп қана қоймай, қаржылық есептерін де көруге мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы