352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әкесі таспен ұрып комаға түскен бала ауруханадан шықты

  • 103
Алматыда әкесі таспен ұрып комаға түскен бала ауруханадан шықты Robinzon.kz

Алматыда ағаш түбінен ауыр жарақатпен табылған 4 жасар бала ауруханадан шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық №2 балалар ауруханасының өкілдері хабарлады. «Бала кеше неврология бөлімінен шығарылды. Жағдайы жақсы болған соң үйіне жіберілді», – деді аурухана өкілері. Дәрігерлер балаға 3-6 ай арасында бас сүйегінің самай тұсын қайта қалпына келтіруі керектігін және оған тағы да операция жасалатындығы туралы айтты. Емханадан шыққан бүлдіршін қазір өздігінен тамақ ішіп, сөйлей алады.

Ал оның әкесі Мұрат Асқароглыға қатысты тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Ер адам баласын таспен ұрғанын мойындады.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға 16 шілде күні Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар бала ауыр жағдайда ағаш түбінен табылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы