352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмолалық талапкерлерге облыстық әкімдіктен қосымша 150 грант бөлінді

  • 145
Ақмолалық талапкерлерге облыстық әкімдіктен қосымша 150 грант бөлінді

Олардың 100-і педагогикалық мамандық иелеріне берілсе, қалғандары медицинаны меңгеретін студенттерге үлестіріліп отыр.

Себебі, аймақта қазір аталған мамандықтарға сұраныс жоғары. Ал жергілікті грантқа ие болған балалар Көкшетаудағы жоғары оқу орындарында білім алады. Стипендия да қарастырылған. Келісімшарт бойынша олар оқуларын бітірген соң өз мамандықтары бойынша өңірде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Жалпы, Ақмола облысында қазір 200-ге жуық мұғалім және 150-ден астам дәрігер тапшы. Ал аталған гранттар осы олқылықтың орнын толтыру үшін бірнеше жылдан бері беріліп келеді.

Бекжан Сәдуақасов, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

- Биылғы жылдың былтырдан ерекшелігі, осы жылы гранттардың саны 50-ге көбейді. Әрі олар медициналық мамандықтарға бөлініп отыр. Ал бұрын облыстық әкімдіктен бөлінетін грант тек педагогикалық мамандықтарға берілетін. Грант иегерлері балы жоғары бола тұра мемлекеттік грантқа іліне алмай қалған үздік талапкерлерге беріледі.

Хабар 24 телеарнасы