352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда кредит серіктестерінің ІІ форумы өтті

  • 111

Ауыл шаруашылығын қаржыландырудың жаңа инструменті пайда болды және ол аграрлық сала үшін қолжетімді болмақ.

Кредит серіктесіктері дамуының стратегиясы 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енген. Аталған ұйымды дамытудың келелі мәселелері Павлодарда өткен кредит серіктестіктерінің екінші форумында талқыға түсті.

Қаржыландыру тетіктері, проценттік үстемелерді субсидиялау, мүлікті кепілге қоюдың тиімді шарттары. Бұлар – отбасылық фермаларды құруда көрсетілетін көмектер.   

Жомарт Дәулетияров, «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ несиелеу департаментінің директоры:

- Бағдарлама бойынша 10 жыл ішінде 80 мың жаңа отбасылық ферма ашу, қазіргі таңда 20 мың шаруа қожалығы бар, соны 100 мыңға дейін көбейту.

Облыс бойынша «Сыбаға» бағдарламасына Ақтоғай ауданындағы «Қамбар» шаруа қожалығы бірінші болып қол жеткізді. Төмен пайыздық несиеге көрші ресейден асылтұқымды мал сатып алған. Қазір герефорд тұқымды 36 ірі қара карантинде тұр.

Сейіт Чережденов, «Қамбар» шаруа қожалығының басшысы:

- «Сыбаға» бағдарламасы бізге өте ыңғайлы. Өйткені төлейтін 4 пайыз ғана. 15 жылға жеңілдік беріп тұр.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 193 кредит серіктестіктері жұмыс істейді. Шаруалар несиені мал басын арттыруға, өсімдік шаруашылығын дамытуға, техникалық парктерді жаңартуға алады.

Рахман Әбдіқадыров, Т.Рысқұлов ауданындағы «Құланда» несие серіктестігінің басқарма төрағасы /Жамбыл облысы/:

- 15 жылдан бері біздің құрылтайшыларымыз саны 360-қа барды. 3 миллиардқа жуық қаражат алдық. Бұл деген – ауылды көтеру, ауылдағы мәселені шешу.

Кредит серіктестіктері келешекте ауыл шаруашылығына жатпайтын салаларды қаржыландырмақ. Оған шағын және орта бизнес кіреді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы