359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында артық жүк тиеген көліктерге айыппұл салынды

  • 200
Ақтөбе облысында артық жүк тиеген көліктерге айыппұл салынды

Шамадан артық жүк тиеген көліктер жол қабатын бұзады. Ақтөбе облысында жыл басынан бері осындай 200 дерек тіркелген.

Көлік инспекциясы мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары арнайы рейдке шығып, жүк көліктерін тексеруді бастады. Мамандардың айтуынша, «Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы жүретін шетелдік автокөліктер 3 есе көбейген. Отандық жүк тасымалы 2 есеге артты. Бұл ел мен елдің арасындағы байланыстың нығайып, жүк тасымалы көлемінің артқанын көрсетеді. Алайда тәртіп баршаға ортақ. Облыс аумағында көшпелі 3 бекет бар. Әр бекетте тәулігіне 50-60 жүк көлігі тексеріліп, олардан 2-3 заң бұзушылық анықталады. Ал айыппұлды сол жерде электронды терминал арқылы төлеуге болады.

Нұрболат Махмутов, МҚІСЖҚІА  облыстық департаментінің бас маманы:

- Бақылау кезінде жүк көліктері арнайы таразыға салынып, өлшеніп, жүктің салмағы бақылауға алынды. Сонымен бірге осы жерде «Жолда бақылау» деген акция өткізіліп, жүк тасымалшыларға арнайы кеңес беріліп, заңдар түсіндірілді.

Хабар 24 телеарнасы