352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жезқазған-Астана пойызы жолаушыларды 3 сағаттан астам уақыт күттірген

  • 117

Жезқазған қаласының көлік прокуратурасы пойызда 87 жолаушының құқығы бұзылғандығын анықтады.

Тексеріс барысында Қаражал-Қарағанды бағытындағы пойыз Жаңаарқа транзиттік станциясына дейін жетіп, жолаушылардың бар екендігіне қарамастан вагонды локомотивтен ағытып тастаған. Сонымен қатар Жезқазған–Астана-Жезқазған бағытындағы пойыз жолаушыларды 3 сағаттан астам уақыт күттірген. Дәл осындай заң бұзушылық Балқаш-Жезқазған пойызынан да анықталды.

Қасым Әбілқасымов, Жезқазған қаласы көлік прокуроры

- Бұрын бұл пойыздардың жүру кестесіне бірнеше рет өзгертулер енгізілген. Бола тұра вагондардың ұзақ тұруы ескерілмеген. Прокуратураның ұсынысы бойынша екі пойыздың жүру кестесі өзгертілді. Тұру уақыты 60 және 49 минутқа дейін қысқартылды.

Хабар 24 телеарнасы