352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қылмыстық істерді электронды жүйеге көшіруден еліміз ТМД-да бірінші орында тұр

  • 114

Қазақстан қылмыстық істерді электронды жүйеге көшіру жөнінен ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр.

Ал әлемде 40 мемлекеттің тізіміне кіреді. Цифрландыру мәселесі қаралған жиында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров осылай деді. Биыл 7 ай ішінде 5 мыңға жуық іс электронды жүйеде қаралған. Оның шамамен тең жартысы сотқа жолданды. Цифрландырудан бөлек азаматтарды заң алдында қорғау деңгейін көтеру де маңызды. Бұл ретте қылмыстық заңнаманы жаңғыртуға бағытталған құжат қолданысқа енді. Нәтижесінде 7 ай ішінде сотталғандардың саны 3 есеге азайып, 4 мыңнан асты.  

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры: 

- Мұндағы біздің мақсаттарымыз қандай? Біріншіден қылмыстық тергеуден бастап, сотта қарап үкімнің орындалуына дейінгі бүкіл процесті автоматты түрде жылдамдаты мен жеңілдету. Екіншіден, тергеу кезінде жалған құжаттарды жасауға және енгізілген мәліметтерді өзгертуге жол бермеу, сыбайластықты төмендету. Үшіншіден, ведомстволық, прокурорлық және  соттық бақылаудың тиімділігін арттыру.

Хабар 24 телеарнасы