352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 164 көшенің атауы өзегерді

  • 164
Алматыда 164 көшенің атауы өзегерді

Қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссия ұсынысын мақұлдап, тиісті құжатты Әділет министрлігіне жолдады.

Осылайша Алатау және Бостандық аудандарындағы атауы қайталанатын көшелерге Батырхан Шүкеновтің, Фариза Оңғарсынованың, Әбілқайыр хан мен Мөңке бидің есімдері берілді. Атауы ауысқан көшелердің 35-іне көрнекті қайраткерлердің аты берілсе, қалғанына жер-су атаулары қойлыпты. Мамандар Алматыда ұзын-саны 2862 көшенің барын айтады. Оның 345-інің атауы қайталанатын көшелер. Одан бөлек, 51 көшенің аты идеологиялық тұрғыдан ескірген. Ономастикалық комиссия мүшелері: «олардың барлығын алдағы жылдары толықтай ауыстырамыз», – дейді.

Өтепберген Қалыбай, қалалық Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы:

- Зерттеулер бойынша 400-ге жуық көше болды. Соның 300-ден астамының атауы қайталанады. Бірінші жартыжылдығында біз Алатау мен Бостандық аудандарындағы атауы қайталанатын 164 көшенің атын өзгерттік, екінші жартыжылдықта Әуезов, Түрксіб, Медеу, Жетісу аудандарында жаңадан қосылған елді мекендердегі қайталанатын көшелерді қарастырып жатырмыз, қайта атау жөнінде. Оны заңның негізінде тиісті құжаттар дайындалып, комиссияларға ұсынылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы