352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық ғалымдар тісжегіні емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

  • 165

Заманауи өнім тісті бұрғылаусыз емдеуге мүмкіндік береді.

Бар болғаны аурудың бастапқы кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгінсеңіз, тісті қалыпна келтіруге болады.

Отандық ғалымдардың 4 жылғы еңбегі зая кеткен жоқ. Енді жиі кездесетін тісжегіні алғашқы сатысында бұрғылаусыз емдеп, қалпына келтіруге мүмкіндік бар.

Әсел Бөленова, кәсіпорын директорының орынбасары:

- Бастапқы сатысы деген не? Тіс эмалінің жұқарып, ол жерде ойық сияқты пайда болады. Ақ немесе сарғыш түсті дақтар болады. Одан кейін ол дами береді де орташа тісжегіге айналады, сосын күрделі импульске дейін жетеді.

Өнімнің негізгі бөлігі ақуыз Швейцариядан жеткізіледі. Мамандардың айтуынша, шетелдік зауыт өндіретін шикізат барлық талаптарға жауап береді. Бүгінде дайын дәріні пайдаланушылар қатарында елордалық тіс дәрігері Асхат Оспанов та бар. «Бұл жаңашылдықтың маңыздылығын ел тұрғындарына барынша түсіндіру керек», – дейді ол. Себебі ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс.

Асхат Оспанов, тіс дәрігері:

- Мемлекеттік ғалымдардың шығарған препараты болғаннан кейін намысымызды көтерді. 2 пациентке қолдандық. Енді 3 айдан кейін көреміз. Оның нәтижесі болуы үшін жарты жыл керек.

Қазақстандық дәріге алдымен украиналық дәрігерлер тапсырыс берген. Кейін отандық емдеу мекемелері де қызығушылық білдіре бастады. Ал технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 40 млн теңге көлемінде грант бөлген. Сөйтіп заманауи техника сатып алынды.

Әсел Бөленова, кәсіпорын директорының орынбасары:

- Біздің препараттың 40 пайызы Қазақстанда сатылады. 60 пайызы экспортқа жіберіледі. Ресей мен Украина. Себебі бізде олармен келісімшарт бар, дистрибьюторлар бар. Үйде қолдануға болатын препаратты айтсақ, қазіргі кезде Израиль, Америка елдеріне саттық.

Ал үйде қолдануға арналған дәрілік зат кез келген адамға қолжетімді. Ол тістің сезімталдығын емдеп, тісжегінің алдын алады. Бастапқы кезеңде кәсіпорын жылына 150 мың құты өнім шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 450 мыңнан асып жығылады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы және Еуропа елдерімен байланыс орнату көзделіп отыр.

Авторлары: А.А. Аят Дүйсенбаев, Ануар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы