353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жыл соңына дейін аймақта 4 мың адам баспаналы болады

  • 124

Ақмола облысында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 9,6 млрд теңге бөлініп отыр.

Осы арқылы 465 мың шаршы метрге жуық баспана салу көзделген. Қазірдің өзінде жалпы аумағы 311 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер ел игілігіне берілді. Жалпы, биыл аймақта жыл соңына дейін тағы 4 мың отбасы баспаналы болады. «Ал келесі жылы тұрғын үй құрылысы көрсеткіші 500 мың шаршы метрге жетеді», – дейді мамандар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да үйлер салынып жатыр. Мәселен, осы жылы сондай 6 үйдің іргетасы қаланған.

Манапхан Қансейітов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- «Нұрлы жер» бойынша айрықша көңіл осы жеке үй соғуға да бөлініп отыр. Осы орайда Ақмола облысында 5840 жер учаскесі бөлінген. Сол учаскелерге инженерлік инфрақұрылым өткізіп жатырмыз. Биылғы жылы Аршалы мен Атбасар аудандарында бітіреміз. Сол кезде 346 жер учаскесі инфрақұрылыммен белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы