352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да 50-ден астам отбасы қоныс тойын тойлайды

  • 310

Батыс Қазақстан облысының Федоровка ауылында да 50-ден астам отбасы қоныс тойын тойлайтын күн алыс емес.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеретін 3 қабатты тұрғын үй келер жылы пайдалануға беріледі. Ал «7-20-25» бағдарламасымен салынып жатқан 16 бір пәтерлік үйге инженерлік-коммуналдық желілер тартылып жатыр. Бұл үйлер кезекте тұрған және аудандағы өзге де санаттар бойынша баспанаға мұқтаж жандарға берілетін болады.

Айта кету керек, қазір аудан орталығы Федоровка ауылында халық саны 5600 адамға жеткен. Сондықтан тұрғын үйге деген сұраныс та жыл санап артып келеді. Дәл қазір округ бойынша 250-дей адам баспана кезегінде тұр.

Алуа Есқалиева, Федоровка ауылының тұрғыны: 

- Газымыз, суымыз келіп болғаннан кейін жолымыз түзеліп, үйлер салынып жатыр. Осы үйлер кезекте тұрған адамдарға беріледі деп естідім. Соның ішінде мен де кезекте тұрмын. Арманым орындалады деп ойлаймын. Осы үйден бір үй аламын ба деймін.

Болатбек Тілегенов, Федоровка ауылдық округінің әкімі:

- Жоспарда жыл аяғына дейін Юбилейный және Горький көшелерінің  құрылыстары жүреді. Осы жылда Бейбітшілік пен Абай көшелеріне бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар Донец ауылына газ тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы