356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелдік мамандар автожолдарды ұзақ қолданудың сырымен бөлісті

  • 72
Шетелдік мамандар автожолдарды ұзақ қолданудың сырымен бөлісті

Алматыда цемент-бетонды жолдарды жөндеу мен оларды күтіп ұстаудың жаңа технологияларына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Германия, Франция және АҚШ-тан келген білікті мамандар қазақстандық әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, жолды сапалы салып, кейін жақсы күтім жасаса, экономикаға берер пайдасы мол. Мысалы, осыдан 80 жыл бұрын Германияда салынған әлемдегі алғашқы цемент-бетонды автобан әлі күнге дейін ел игілігіне жарап тұр. Қазақстанда Астана-Щучиснк, Батыс Еуропа-Батыс Қытай транзиттік дәлізіне толығымен, ал Алматы-Өскемен автожолының бір бөлігіне цемент-бетонды жамылғы төселген. 

Музафар Холиков, конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшесі:

- Соңғы бес жылда Қазақстанда цемент-бетонды жолдар көптеп салынды. Жол салуды үйрендік. Ал оларға лайықты күтім жасауды әлі толық меңгерген жоқпыз. Сондықтан тәжірибе алмасу үшін шетелден осы саланың білгірлерін шақырып отырмыз.

Бернд Яннике, ғылым докторы /Германия/:

- Цемент-бетонды жолды ұзақ қолданамыз десеңіздер, жарықшақтарға мұқият көңіл бөлу қажет. Мысалы, жолға кішкентай ғана сызат түссе, оны тез арада асфальтты жамылғымен бекіту керек. Өйткені жарықшаққа кірген су мұз болып қатып бетонды бүлдіреді.

Хабар 24 телеарнасы