352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде бірегей діни жәдігерлер көрмесі ашылды

  • 106
Ертіс өңірінде бірегей діни жәдігерлер көрмесі ашылды

Экспонаттар саны 80-нен асады.

Әрбір діни конфессия өкілдері өздерінде сақталған көне жазбаларды, діни кітаптарды, маңызды құжаттарды, құлшылық еткенде киетін кимдерін және пайдаланатын бұйымдарын қойған. Мәшһүр Жүсіп мешіті түсіндірмесі шағатай, ал өзі араб тілінде жазылған   көне Құран кітабын, араб тілінің грамматикалық негіздері және діни ережелер мен мұсылмандық мінез-құлық тәртібі жазылған кітабын  ұсынды. Жәдігерлердің қатарын сәлде, жайнамаз, шапандар толықтырған. Ал орыс Православ шіркеуі Ертіс өңірінде христиандықтың дамуы туралы сирек басылымдарды, фотосуреттер көшірмесін әкеліпті.  Неміс тілінде 1821 жылы басылып шыққан Библияны да көруге болады. Қасиетті Құрбан айт қарсаңында ұйымдастырылып отырған көрмеге қатысқан конфессия өкілдері, сонымен қатар, облыстың киелі жерлеріне саяхат жасайды.

Нұрлан Қайырбеков, Ақ мешіттің бас имамы:

- Исламның білім жағынан кітаптары – Құран, пайғамдарымыздың хадистері. Исламның негіздерін сақтайтын кітаптарды осы жерге әкелдік. Ал енді өзіміз мұсылман болып, мысалы, христиандардың шіркеуін көріп жатырмыз. Олардың қандай кітаптары болған, оларда тарихта қандай қасиетті нәрселері болды, біз білмеген нәрселерді осы жерде көріп-біліп жатырмыз.

Зайда Асанбаева, облыстық Дін істері жөніндегі басқармасының маманы:

- Көрмеде қасиетті кітаптар, қолжазбалар, сирек басылымдар, бірегей құжаттар кездестіруге болады. Осы көрме барлық Павлодар облысында тұратын әр дін өкілдерінің бірегей екені, қандай іс-шара болса да бір-бірімен ұғынысып, қарым-қатынаста болатынын көрсетеді. Ертең іс-шара Павлодар облысының қасиетті Баянауыл ауданында жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы