352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 142
Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды earth-chronicles.ru

Синоптиктер Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Қостанай облысында 18 тамыз күндіз найзағай, кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

18 тамыз күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метр болуы мүмкін. Ақтөбеде бұл күні найзағай болып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15 метр болады деп күтілуде.

Сенбі күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Оралда солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетіп, найзағай ойнайды деп күтілуде. 

Хабар 24 телеарнасы