356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

CҚО-ның Шал ақын ауданында 90-жылдардан бері алғаш рет көп қабатты үй салынып жатыр

  • 175

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Шал ақын ауданында тәуелсіздік жылдарынан бері алғашқы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.

Баспаналар мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынуда. Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталған. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 400 миллион теңгегеден астам қаржы бөлінді. Аталған үйлер келер жылы халық игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.  Айта кетейік, Шал ақын ауданында соңғы 30 жылда бір де бір тұрғын үй бой көтермеген.

Геннадий Шпистер, Шал ақын аудандық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары: 

- Аудан бойынша қазіргі таңда пәтер кезегінде 207 адам тұр. Күрмеулі мәселе енді шешіле бастады. Өйткені бұдан кейін біз тағы 60 пәтер болатын екі үйдің құрылысын бастамақпыз. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы