356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда бос орындар жәрмеңкесі өтті

  • 148

Тараз қаласындағы білім беру мекемелеріне 300-ге жуық педагог жетіспейді. Ал екі қолға бір күрек іздеген жандардың көпшілігі бұл туралы біле бермейді.

Осыған орай шаһарда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Игі бастамаға қатысқан 76 жұмыс беруші 380 бос жұмыс орнын ұсынған. Оның 288-і педагогикалық, ал 100-ге жуығы техникалық қызметкерлерге тиесілі мамандықтар. Ал жұмыс іздеп келушілердің саны 1000-ға жетті. Мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысқан жұмыссыз азаматтар тиісті мекемелерге жолдама алып, бақтарын сынап көрмек.

Елдос Кеңесбеков, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- Қазіргі таңда 60 мектептің барлығының түгел дерлік өтініштері түсті, бос орындар бойынша, сосын жаңағы балабақшаларымыздан түсіп жатыр. Біздің қаламыз бойынша математика, орыс тілі мамандары тапшы болып тұр. Және бастауыш сынып мұғалімдері тапшы болып жатыр. Осыған байланысты біз бүгінгі жәрмеңкеде олардың барлықтарын шығарып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы