352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 24 жоба жүзеге асырылады

  • 103
Атырауда 24 жоба жүзеге асырылады

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 24 жаңа жоба жүзеге асырылады.

Мың орындық жеңіл атлетика манежі салынып, әуежай мен автовокзал алдындағы көлік тұрақтары күрделі жөндеуден өткізіледі. Нәтижесінде екі нысанға тиесілі автотұрақтарға  ақылы жүйе енгізулі мүмкін. Өйткені жекеменшік мекеменің салған қаржысының қайтарымы болуы керек. Сонымен қатар қала үшін маңызды жобалардың бірі Жайық өзенінің оң жақ жағалауында бірегей кәріздік  тазалау жүйесінің құрылысы басталады. Осыған дейін мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі арқасында 39 көшеге қазіргі заманғы LED-шамдар орнатылған. Энергия үнемдеп әрі жарықты уақтылы жағып-сөндіретін автоматты басқару орталығымен қамтылған осы жоба бойынша тағы 60 көше жарықтандырылмақ. Қос тараптың әріптестігімен қаладағы қоғамдық орындарға 776 дана фото және бейнебақылау камералары да орнатылады.

Мейірім Қалауи, қала әкімінің орынбасары:

- Мұндай жоба Қазақстанның бірде-бір қаласында әлі жоқ. Атырауда бірінші рет жүзеге асырылайын деп отыр. Осы жобаны жүзеге асырып көргелі отырмыз. Ал біздің тарапымыздан міндетті түрде қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы