352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордалықтар үшін энергетикалық сусынның орнын қымыз-қымыран басуы мүмкін

  • 307
Қызылордалықтар үшін энергетикалық сусынның орнын қымыз-қымыран басуы мүмкін

Қызылордалықтар мейірі қанып қымыз ішіп, шұбат пен айраннан дәм татты.

Шаһарда ұлттық сусындар тегін таратылып жатыр. Сөйтіп «Рухани жаңғыру» орталығының акциясы аясында құрылысшылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері және коммуналдық саланың жұмысшылары нәрлі сусынмен шөл қандырды. Көздің жауын алып, көңіл жайнататын ұлттық киімде түрленген жастар қымыз, шұбат, айранын алдымен қала тазалықшыларына ұсынды. Күннің аптабы мен жел өтінде жүрген жұмысшылар ағарғанмен таңдай жібітіп, бауырсақпен жүрек жалғады. Ал таң бозынан рейске шығып жолаушы тасымалдайтын жүргізушілер сергек болу үшін энергетикалық сусын ішетіндерін айтады. Енді денеңе қуат бітіретін қымыз-қымыран ішкен пайдалырақ екеніне олар да көз жеткізді.

Үржамал Қожабаева, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкері:

- Бүгін біз жұмыс істеп жатқан кезде ойламаған жерден «Рухани жаңғыру» орталығының жастары келіп бізге сусын ұсынды. Көп-көп рқмет. Қазақ дәстүрін ұмытпай, насихаттап жүргендеріне біз риза болып тұрмыз.

Гүлмира Әшірбекова, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы:

- Біз тек қана сусындар таратумен ғана шектелмейміз, сол сусындардың жасалу технологиясын және сусындарды баптаудың әдістері және ұлттық сусындардың түрлері жайында көптеген мәліметтер беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы