361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда еліміздің шекара қызметінің 20 жылдығы аталып өтті

  • 97

Осыған орай әскерилер мерекелік автошеру өткізді. 30-дан астам әскери және азаматтық көліктер қала көшелерінен жүріп өтті.

Қызмет бабында қаза болған әріптестері құрметіне орай қала орталығында тас монументін орнатты. Тас ескерткіш Жамбыл облысынан әкелінген. Композицияның ұзындығы 3 метр, салмағы 2 тонна. Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, әріптестеріне тағзым етті.

Ернияз Игібаев, ҚР ҰҚК Павлодар шекара отряды командирінің орынбасары:

- Жасөспірімдерге патриоттық сезімдерін көтеруге, өзіміздің үлгімізді көрсетіп, тәрбие көрсету жөнінде өткізілді.

Құдайберген Пішембаев, еңбек ардагері:

- Қанша азаматтар жанын салып, еңбек етті. Отан үшін, жер үшін жанын қиып кеткендер көп. Әскерде де «Рухани жаңғыру» болып жатыр. Сондықтан сол жаңғыру алға баса берсін. Осындай азаматтарға ата-бабалары, туысқандары, артында қалган ұрпағы риза болсын деп осындай ескерткіш орната берсін.

Хабар 24 телеарнасы