352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда құрбандық шалатын арнайы 4 орын белгіленді

  • 228
Қарағандыда құрбандық шалатын арнайы 4 орын белгіленді

Қарағанды қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық басталып кетті.

Шаһар тұрғындарына құрбандық шалатын арнайы 4 орын белгіленді. 21 тамыз күні барша мұсылман қауым айт намазынан кейін осы мекен жайларға келіп, құрбандықтарын шалатын болады. Сонымен қатар бұл күні облыстық мешіт аумағында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, одан жиналған қаражат науқас балалардың еміне жолданады. Сондай-ақ Құрбан айт мерекесі қарсаңында мешітте көпбалалы және тұрмысы төмен отбасының балаларын мектепке дайындау акциясы өтіп жатыр.

Нұржігіт Мұсабеков, облыстық мешіттің наиб имамы:

- Қазір тізім жасап жатырмыз, 300-ге жуық балаға «Мектепке жол» акциясымен көмек көрсетуге тырысып жатырмыз. Қаншама бауырларымыз мешітке келіп бір баланы киіндірейін деген мақсатта әркім өзінің шамасы келгенше, біреуі дәптерін, біреуі кітаптарын әкеліп беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы