352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да мердігерлер еңбек заңын бұзып отыр

  • 86

Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың алты айында өндірісте 24 жазатайым жағдай тіркелді.

Ал биыл жыл басынан бері 27 оқыс оқиға орын алып, 2 адам түрлі жарақат салдарынан көз жұмған. Қайғылы статистиканың басты себебі – еңбек заңдылығының сақталмауы. Әсіресе бүгінде негізгі мердігердің сырттан түрлі құрылыс бригадаларын жалдауы жиілеп кеткен. Олар өз кезегінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігіне үйретпейді, арнаулы жұмыс киімімен, қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етпейді. Өкінішке қарай, кәсіпкерлік нысандарын тексеруге тыйым салынғандықтан, тиісті орындардың қол-аяғы байлаулы. Еңбек инспекциясы тек арыз-шағым негізінде ғана жоспардан тыс тексеріс жүргізе алады.

Ерлан Тасқалиев, облыс бойынша еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Өндірістік жарақат алудың басты себебі – мекемелерде, ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі бойынша мамандар тапшылығы. Егер де ұйымдарда 50-ден астам жұмысшы болса, ұйымда еңбек қауіпсіздігі қызметі құрылуы керек. Сонымен қатар мекемеде ішкі бақылаумен қамтамасыз етпеу салдарынан орын алып отырған жағдайлар.

Хабар 24 телеарнасы