352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде еліміздің үш облысында күн бұлтты болады

  • 97
Алдағы тәуліктерде еліміздің үш облысында күн бұлтты болады

Алдағы күндері еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары бұлтты болады. Синоптиктердің болжауынша, бұған Сібірден келетін салқын ауа массалары әсер етеді. «Күз мезгіліне тән күн райының салдарынан кейбір аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғуы мүмкін. Сондай-ақ аптаның ортасына қарай батыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді», - дейді мамандар. Ал еліміздің қалған бөліктерінде сынап бағанасы керісінше көтеріліп, күндіз 30-35 градус ыстық болуы ықтимал.

Алуа Саханова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі:

- Астана қаласы бойынша 21 тамызда қатты жауын жауады. Бұршақ күндізгі сағаттарда болуы ықтимал. Сондай-ақ найзағай ойнап, дауылды жел тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Ауаның температурасы түнде 10-12 градусқа дейін төмендесе, күндіз 12-14 градусқа дейін жоғарылайды. 22 тамызда кей уақыттарда жауын жауып, жел күшейеді. Ауаның температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы. 23 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз. Ауаның температурасы күндіз 10-12 градусқа дейін төмендесе, күндіз 23-25 градусқа дейін жоғарылайды.

Хабар 24 телеарнасы