352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы Сарқан қаласына жетті

  • 147
«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы Сарқан қаласына жетті

«Ұлы дала еліне саяхат» жобасы аясында жолға шыққан «Жоңғар Алатауы» экспедициясының мүшелері Сарқан қаласына жетті.

Олар құпиясы әлі толық ашылмаған сырға толы Бесшатыр қорымдарында болып, «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын аралады. Ондағы таңғажайып табиғи нысан – Айғайқұмда болып, Ақсу ауданы аумағындағы Баянжүрек тауларына аялдады. Сондай-ақ Орталық Азиядағы ең биік сарқырамалардың бірі Бұрханбұлаққа да ат басын тіреді. «Ұлы дала еліне саяхат» жобасына енген бұл сарқыраманың биіктігі 112 метр. Жоңғар Алатауының шығыс беткейінде орналасқан оның суы дертке дауа, жанға шипа. Ал табиғатын суреттеуге тіл жетпейді. Экспедиция жер жәннаты – Жетісудағы осындай бірқатар киелі жерлерге аялдайды. Оның құрамында журналистер мен туроператорлар шетелдік және отандық блогерлер мен Швейцария, Британия елдерінен келген саяхатшылар мен фотосуретшілер бар.

Андрей Кулагин, блогер:

- Ұйымдастырушылар мен экспедиция мүшелеріне көп рахмет! Саяхат өте керемет өтіп жатыр. Көптеген көрікті жерлерді көріп, сұлу табиғатқа тәнті болып отырмыз. Экспедицияның мақсаты – Жетісудың тұмса табиғатына қоғамның назарын аудару болса, біз оған қол жеткіздік деп ойлаймын. Маған, әсіресе, Қапал ауылы мен «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы және Бұрханбұлақ сарқырамасы қатты ұнады.

Хабар 24 телеарнасы