352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 2 миллион адамның өмір сүруіне жағдай жасалады

  • 129

2027 жылға дейін елордада 16 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтереді.

Бұл 800 мың адамға арналған баспана. Бүгін Ақордада өткен бас қаланы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте осындай дерек келтірілді. Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы мен шаһар құрылысына қатысты алдағы жоспарлар жайы баяндалды. Бұл ретте Елбасы жаңа нысандарды салу кезінде қолданыстағы инфрақұрылым мен коммуникацияларды ескеру қажеттігін тапсырды. Жалпы Президент тапсырмасына сай Астанада 2 миллион адамның өмір сүруіне жағдай жасалуы тиіс.

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Сіздің тапсырмаңыз бойынша елорданы одан әрі дамытуға арналған 5 жылдық жоспар әзірледік. Соған сай 5 бірдей аумақта құрылыс жүргізіледі. 2023 жылға дейін 9,5 миллион, ал 2027 жылға қарай 16 миллион шаршы метр баспана салынады. Жалпы алдағы 10 жылда 3800 гектар аумақ игеріледі.

Хабар 24 телеарнасы