356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рудныйда «ақылды» технология бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылмақ

  • 114

Рудный қаласында «ақылды» технология бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылмақ.

Олардың ішінде 20-дан астам смарт-орындықтар орталық аллеяларға орнатылады. Демалыс орындары күн батареяларымен жарақтандырылады. Бұл кез келген гаджетті қуаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кеншілер қаласында жаяу жүргіншілерге арналған арнайы ақпараттық-ескертуші құрылғылар орнатылады. Бұл рудныйлықтардың жолдағы қауіпсіздігін қаматамасыз етеді дейді мамандар.

Олжас Өмірзақов, Рудный қаласының ТКШ бөлімінің басшысы:

- Жаяу жүргінші сол аумаққа келгенде арнайы белгі беріліп, шам жанады. Осының нәтижесінде автожүргізуші жаяу жүргіншіні бірден байқайды. Жалпы жүйе күн батареялары арқылы жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы