352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрбан айт мерекесі басталды

  • 304

Бүгін барша мұсылман үшін қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды. Бұл күні мешіттерде таңсәрімен намаз оқылып, құрбандық малы шалынады.

Қалың жұрт дұға жасап, араздасқан ағайын татуласады. Бір-бірін мерекемен құттықтап, жұрт шаттыққа кенеледі.

Талғатбек Әбдіқожаев, тілші:

- Көріп тұрғандарыңыздай, Құрбан айт намазына қатысуға келген жамағаттың қарасы қалың. Тіпті мешіт ішіне сыймай, сәждеге бас қою үшін сыртта да сап түзеп тұр. Айт намазынан кейін құрбан шалынады. разылығы үшін құрбандық малы шалынады. Ибраһим пайғамбар заманынан келе жатқан діни шара кезінде шамасы жеткен мұсылманға Жаратқанның жолында құрбандық шалу шарт. Құрбандыққа қандай мал шалынуы керек және оған қойылатын талаптар қандай имам сөзіне құлақ түрсек.

Жалпы Құрбан сөзі «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Демек, үш күн айтта адам баласының өз Жаратушысына барынша жақындай түсуіне, айттап, туыстық қарым-қатынасты арттыруына мүмкіндігі мол. Мейрамға орай мешіт аулаларында да спорттық шаралар ұйымдастырылған. Яғни айт намазынан кейін мұнда қол күрес, асық ату және арқан тартыс сынды ұлттық ойындарымыз ойналады. Атап өтейік, тамыздың жиырма бірінде басталған айт үш күнге ұласады. Осы аралықта алыған құрбандық етінің бір бөлігі өзіңізге бір бөлігін ағайын туыс немесе көршіге ал үшіншісі жоқ жітікке үлестіріледі.

Хабар 24 телеарнасы