361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бірқатар автобустың қатынау бағыты өзгертілді

  • 110
Елордада бірқатар автобустың қатынау бағыты өзгертілді

Астанада жаңбыр кесірінен бірнеше көшенің кейбір тұстарын су алып кетіп, бірқатар автобус бағдары өзгертілді.

«Күшті нөсер жаңбыр салдарынан қазіргі уақытта Б. Момышұлы даңғылының А.Тоқпанов-Сарайшық көшелеріе арасын су басып қалған. Осы аралықтан жүретін №15, 47, 51, 56, 61, 101 автобус бағдарлары 21 тамыз 06:00-ден бастап, су тазартылғанша қозғалыс бағыттарын уақытша өзгертеді», - делінген хабарламада. №15, 47, 51, 56, 101 бағдарлары бастапқы аялдамалдан Сарайшық .- Р.Қошқарбаев даңғылына шейін өзгеріссіз, ары қарай Р.Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылында солға бұрылып, Б. Момышұлы көшесінде оңға бұрылады, ары қарай бағыт бұрынғысынша қалады. Кері бағытта осылайша жүреді. №61 бағдар  «Мектеп-лицей №81» аялдамасынан бастап Шарль де Голь-А.Тоқпанов көшесі қиылыстарына дейін өзгеріссіз жүреді, ары қарай А.Тоқпанов көшесімен тура, Тәуелсіздік даңғылында солға бұрылады, ары қарай кесте бұрынғысынша жалады. Кері бағытта қозғалыс осылайша жалғасады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы