352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда жаңа тұрғын үйдің іргетасы сөгіле бастады

  • 258

Павлодарда «Сарыарқа» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жаңбыр және кәріз суларына толып, халықты әбігерге салды.

Тұрғындардың бас ауруына айналған проблеманың түйіні тарқатылар емес. Бірнеше ай бойы мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырған азаматтар арнамыздың тілшілеріне хабарласты. 

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған үй сән-салтанатпен екі жыл бұрын қолданысқа берілді. Бірнеше айдан соң тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылды. Жертөле кәріз суына толып, құрылыс барысындағы ақаулар анықталды.

Салдарынан баспанадағы инженерлік желілер бұзылып үйдің іргетасы қопарыла бастаған. Жеделсаты істен шығып, жарық жүйелерінің жұмысы істен шыға берген. Ал лай судың жиналуынан жәндіктер көбейіп, сыз басқан пәтерлерге тарап еткен. Зардап шеккендердің қатарында зейнеткер Татьяна Латкина бар.

Татьяна Латкина, қала тұрғыны:

- Масалармен күресуден шаршадық. Немерелерімді жәндіктер тістеп тастады. Үйдің ішін сыз басты. Оған қоса жарық сөне береді. Пәтер иелерінің кооперативі бейқамдық танытуда.

Тұрғындар мемлекеттік мекемелерге хат жазып, көмек сұраған. Мердігер ұйым өкілдері жауапкершіліктен қашып, олқылықтың орнын толтырудан бас тартқан. Жауаптылар болса, мәселені шешуге кезекті рет уәде берді.

Қанат Қалиев, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

– Құрылыс барысында подрядчиктер болған, дұрыс істемеген. Сосын сот арқылы олар бfнкрот болып қалды. Сол мінеки проблемалар қалды. Бірақ тұрғындар қиын жағдайда. Бірақ ол жағын келісеміз, қабылдаймыз. 

Судың жиналуы салдарынан үйдің бірінші қабатындағы техникалық мектеп қызметкерлері де зардап шегуде. 50-ден астам бала cыз басқан кабинеттерде оқуға мәжбүр. Ол аздай, көп қабатты нысан жылыту маусымына дайын емес.

Ольга Крухмалева, бастамашыл топ өкілі:

- Әкімнің қабылдауында да болдық. Құрғақ уәдеден басқа нәтиже жоқ. Кім жауапты екенін де білмейміз. Бұл үйдің кепілдік мерзімі қазан айында аяқталады. Мәселе оған дейін шешілмесе, не істерімізді білмейміз. 

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Бұл «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтерген алғашқы көпқабатты үйлердің бірі. Бүгінгі таңда көпқабатты нысанда 150-ге жуық пәтер бар. Айта кетейік, бұл нысан төңірігендегі меселе құрылысында пайда болған. Бірнеше жауапты мердігер ауысқанмен, мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы