352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» бойынша оқытудың төртінші кезеңі басталды

  • 95
Ақтөбе облысында «Bastau Бизнес» бойынша оқытудың төртінші кезеңі басталды

Бұл жолы 500 адам кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп шығады. Бағдарламаға биыл 12 аудан мен облыс орталығының тұрғындары қатысып жатыр.

Жоба басталғалы мыңға жуық адам арнайы курс оқып, оның 300-ден астамы бизнес идеясын қорғап шыққан. Кәсібін бастаған 101 жас кәсіпкер 350 млн теңге жеңілдетілген несие алыпты. Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына қатысқандар 1 млн теңгеден бастап, 18 млн теңгеге дейін шағын несиені 6 пайыз жеңілдікпен алады. Одан бөлек мемлекет тарапынан кепілдік болады. Жобаның мақсаты-жұмыссыз жүргендерді кәсіпкерлікке үйретіп, өзін-өзі еңбекпен қамтуға мүмкіндік жасау. Жалпы жоспар бойынша жыл соңына дейін 2000 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып шықпақ.

Бауыржан Дәрқұлов, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Биыл мына «Бастау» жобасы Ақтөбе өңірінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар арасында. Атап айтатын болсақ, 3 ауданды айта кетуге болады, белсенді аудандар. Ырғыз ауданы, Мәртөк ауданы, Шалқар ауданы белсенді қатысып жатыр.  Жобалардың 80 пайызға жуығы бұл ауылшарушылығы саласындағы жобалар, қалған 20 пайызы қызмет көрсету саласындағы жобалар деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы