363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ-өзбек шекарасында көлік кептелісі мәселесі шешіледі

  • 102

Қазақ-өзбек шекарасында орын алған мәселе шешімін тапқан секілді. Өйткені Үкіметаралық келісім негізінде «Жол картасы» жасалып, қазір төрт бірдей өткізу пункті қайта құрылып жатыр.

Құрылыс аяқталса шекара арқылы  тәулігіне 400-ге жуық ауыр жүк көлігі еш кедергісіз қатынайтын болады. Ал «Бауыржан Қонысбаев» өткізу бекетіндегі  жағдайға Өзбекстанға Қазақстанның транзиттік дәлізі арқылы өтетін көлік нөпірінің едәуір артуы сеп болған екен. Оған қоса «Яллама» өткізу бекеті бұрынғы жүйеде жұмыс істеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Ардақ Теңгебаев шекараға арнайы барып, өзбекстандық әріптесі Мұраджан Азимовпен кездесті. Басқосуда тараптар көлік нөпірін азайту жөніндегі ортақ келісімге келді. Өзбекстандық кеденшілердің келтірген мәліметіне жүгінсек, 7 айда екі ел арасындағы транзиттік ауыр жүк көлік нөпірі 61 пайызға артқан. Осы аралықта 122 мыңнан астам жүк көлігі шекара асыпты. Бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың жақсаруы барыс-келістің артуына негіз болып отыр. 

Рустам Кабулов, Өзбекстан Республикасы Кедендік бақылау департаментінің басшысы: 

- Шын мәнінде ол жердегі кедендік өткізу пункітінің мүмкіндігі  көлік ағынына төтеп бере алмайды. Соның салдарынан осындай  кептеліс орын алды. Былтыр екі ел үкіметі бірлесіп «Жол картасын» жасады. Онда 4 бірдей өткізу бекетін қайта жабдықтау қаралған. Көлік кептелісіне қатысты айтарым, қос мемлекеттің кеден саласының басшылары шұғыл шекараға барып, жағдайды көріп, тиісті құрылымдарға тапсырма берді. Қазір шекарадағы мәселе  шешілді. Көліктер еш кедергісіз өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы