361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан халқы Құрбан айт мерекесін атап өтті

  • 229
Түркістан халқы Құрбан айт мерекесін атап өтті

Мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесін түркістандықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды.

Киелі шаһардағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілдігі орналасқан орталық мешітке 3 мыңға жуық адам жиналды. Құрбан айт мерекесінің басты  шарты Құрбандық шалу. Материалдық жағдайы 800 мың теңге көлемінде болатын әр мұсылманға құрбандық шалу парыз. Осыны ескерген тұрғындар айт намазынан кейін құрбандық шалып, өз сауаптарын еселеуге асықты. Одан кейін қала тұрғындары ұлттық ойындарға қатысып, мерекенің ажарын аша түсті. Жастар жағы арқан тартысып, қазақша күрестен кім мықтыны анықтады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, көпшіліктің ризашылығына бөленді. Осылайша рухани шахар тұрғындары Құрбан айт мерекесін күллі қауым болып атап өтті.

Сәрсен Нәлібаев, қала тұрғыны:

- Рухани Түркістанымыздың облыс болып жаңарып жатқан кездегі алғашқы бүгін міне сәждеге бас тигізіп, орталық мешітімізде бүгін міне осы Құрбан айт мерекесінің намазында тұрмыз. Жылына бір келетін Құрбан айт мерекесі құтты болсын.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары:

- Жалпы адамға жақсылық жасау, оның ішінде ассалаумағалейкум, айтыңыз құтты болсын деп құттықтаудың өзі - бұл жақсылықтың бір түрі. Бұл күні көңілді жүру, көңілсіз адамдардың көңілін көтеру маңызды іс болып есептеледі. Тіпті пайғамбарымыз с.а. екі қошқар шалған. Пайғамбарымыз айтқан өзімнің атымнан, құрбан шалуға шамасы келмейтін үмбеттерімнің атынан деп те құрбандық шалған. Құдай баршамыздың ниетімізді қабыл етсін,  мереке құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы