356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдықтар жолдың жөнделуін өздері қадағалайды

  • 132

Тұрғындар осыған байланысты мәселені «Қоғамдық бақылау картасы» арқылы көтере алады.

Ал арнайы құрылған мониторингтік топ мүшелері әлеуметтік желілерді де жіті қарап, адамдардың сын-пікірін жазып отырады.

Жамбыл Жабаев көшесі осы жазда жөнделген. Бірақ оның сапасы сын көтермейді. Жүргізушілердің айтуынша, жол түзу емес.

Міне, дәлел. Ыдыстағы су жол бойы шайқалып, тіпті төгіле де жаздады. Шағым бойынша бақылау топ мүшелері көшелерді аралап, жөндеу жұмыстарын көріп шықты.   

Руслан Асаубаев, арнайы бақылау тобының мүшесі:

- Асфальт сапасыз немесе тым жұқа төселген. Алтынсарин көшесінде жұмыс басталмаған. Тұрғындардан осындай шағымдар түсіп жатыр. Енді біз сол бойынша мердігер ұйымдардың рейтінгісін жасаймыз.

Биыл ғана қолға алынған «Қоғамдық бақылау картасына» 50 шақты шағым келіп түскен. Тұрғындардың көңілі көбіне абаттандыру, жол жөндеу жұмыстарына толмайды. Олардың сын-пікірі аяқ асты қалмайды.

Серік Айдарбеков, ҚР МҚІСжСЖҚ іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

- Біз Петропавл қаласының әкімдігіне хат жолдап, қосымша жөндеу жұмыстарын өткізуге біз оларға өзіміздің ұсынысымызды бердік. Сондықтан да қазіргі уақытта көргендей, осы жол бойынша кейбір жерлерінде өтіп жатыр.

Мердігер ұйымдардың жұмысын шенеуніктер де тексерді. Олар анықтағандай, жолды біліксіз мамандар жөндеген. Құрылысшылардың арнайы техникалары болмай шыққан.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Аталмыш мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша бірнеше рет хаттар жолданды. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай кемшіліктер жойылған жоқ. Бұл мердігер компаниялардың істеген жұмыстары, олар кемшіліктерін жойған уақытқа дейін қабылданбайтын болады. Және де бюджеттен ешқандай қаражат төленбейді.

Биыл қаланың 10 көшесін жөндеуге ел қазынасынан 2 млрд теңгедей қаржы қарастырылған. Бұл жұмыс қоғамның бақылауында болмақ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вадим Пятков, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы