352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы ауылда төтенше жағдай жарияланды

  • 120

Қарағанды облысының Нұра ауданы Тассуат ауылында дауыл соғып, 30-дан астам тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік нысанның шатырын ұшырып әкетті.

Ауылдық мәдениет үйі төбесінің 80 проценті қираған. Сонымен қатар электр желілері үзіліп, ауыл тұрғындары жарықсыз қалды. Жергілікті әкімшілік ауыл бойынша төтенше жағдай жариялап, оқиға бойынша комиссия құрылды. Бүгін тек кештетіп электр қуаты желілері қалпына келтіріліп, ауылға жарық берілді.

Ниқанбай Омарханов, Нұра ауданының әкімі:

- Екі комиссия құрылды. Біреуі материалдық шығындарды анықтап жатыр, екіншісі бүлінген үйлердің санын анықтап жатыр. Төтенше жағдайға қаралған қаржы есебінен жеке тұрғын үйлерге келген шығынды өтеуге тырысамыз. Жағдай қазір бірқалыпты.

Хабар 24 телеарнасы