369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің үздік мергендері Қарағанды облысында өзара мықтыны анықтап жатыр

  • 107

Әлемнің үздік мергендері Қазақстанда бақ сынасып жатыр.

Қарағанды облысында «Алтын үкі» 8-ші халықаралық мергендік жұптар додасы басталды. Бас-аяғы 50-ден астам мерген алдағы бес күн бойы әртүрлі қашықтықтағы нысанаға дәл тигізуден жарысады.

Құралайды көзге атқан әлемнің үздік 50-ден астам мергені қазақтың иен даласында сайысқа түсті. Қазағың бар, орысың бар, ағылшын мен үндісің бар – бас-аяғы 11 елден келгендер өзара үздікті анықтамақ алдағы бес күн ішінде. Әскері мықты саналатын қытайлықтар сайыстың алғашқы күні қателіктерге бой алдырып, тапсырманы орындай алмады.

Мына суреттер – мергендердің нысанасы. Бұл – шын өмірде бар немесе болған қылмыскерлердің фотосы. Бұлардың ұсқынсыз түрлері расымен де бойыңда үрей туғызады.

Берік, мерген:

- 1140 метрдегі 30 сантимерлік шарды атып құлаттым. Бір шақырымнан астам қашықтықтағы нысанаға дөп тигізу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Мылтықты серік еткен біздің мергендеріміз бұл додада жыл сайын үздіктердің қатарында. Биыл да бірінші орынды алуға дәмеліміз.

Сұңқар Иманқұлов, жарыс басшысының орынбасары:

- Алдыңғы жылдары біз бірінші орын алғанбыз. 2014 жылы тағы бірінші орынды алғанбыз. Жер ыңғайына, мергендердің алғырлығына байланысты, олардың ынталарына байланысты біз жыл сайын бірінші орын алып жатырмыз. Осы жылы да дайындық жаман емес деп ойлаймын.

«Алтын үкі» жарысы бұрын-соңды осыншалық кең көлемде өтпеген. Осыдан он жыл бұрын атқыштар сайысына небары бес елден мергендер қатысса, биыл 11 мемлекеттен келді. Үздіктері тамыздың 25-і күні анықталады.

Авторлары: Ж.Біркенов және Е.Дайыров

Хабар 24 телеарнасы