352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда 50-ден астам цифрлық жоба қолданысқа енеді

  • 88

Таяу күндері Ақтауда 50-ден астам цифрлық жобалар қолданысқа қосылады.

Олардың қатарында бірегей диспетчерлік қызмет, смарт-аялдамалар мен «қағазсыз» медициналық қызмет көрсету кешендері бар. Күзге дейін автобус аялдамаларына жылу және ауа баптау жүйелері орнатылады. Сондай-ақ қоғамдық көлік кестесі жазылған цифрлық ақпарат тақталары ілінеді. Биылдан бастап қала тұрғындары дәрігер қабылдауына мобильді қосымша арқылы онлайн жазыла алады. Сәйкесінше, емханаларда кісі кезегі азайып, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарған.

Гүлмаржан Темірова, қалалық емхананың бағдарламашы-операторы:

- Тұрғындар таңдауына қарай дәрігер қабылдауына аяқтай келіп жазыла алады. Ақылды технологияның уақытты үнемдеуін көріп, мобильді қосымшаны пайдалануға жаппай көшіп жатыр. Кейбір цифрлық қызмет түрлерін үйде отырып пайдалануға болады. Мәселен, науқас өзіне ыңғайлы уақытта дәрігерге жазылады. Немесе онлайн үйге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы