352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің білім беру ошақтары жылу маусымына 100% дайын

  • 109

Үкіметтің кезекті отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек сөз алды.

«Қысқа дайындық барысын арнайы штаб бақылайды. Қазір 4 энергоблок, 20 қазандық, 20 турбоагрегат жөнделді. Жөндеуден өтіп жатқандары да бар» - деді.

Бүгінге дейін 18,6 млн тонна көмір тасымалданды. Жалпы 312 мың тонна әлеуметтік мазут жеткізу жоспарланған. Мамандардың хабарлауынша, энергоблок жүктемелері 14,8 мың мегаватқа тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 85 мегаватқа жоғары. Үкімет отырысы барысында ең алдымен халықты көмірмен қамтуға үлкен көңіл бөлу керектігі айтылды. Бүгінде вагон тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілген.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Көмір қазір жеткілік. Өткен жылғы мерзіммен салыстырғанда көмір көп, ешқандай проблема жоқ. Вагондардың, қаржының проблемасы жоқ. Жоспар бойынша ол жұмыстар қазір атқарылып жатыр. Әкімшілікпен, теміржолмен, бізбен және Энергетика министрлігімен. Бағасымен қазір әкімшіліктер айналысып жатыр, былай үлкен өсім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы