352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты «Петропавл-Қорған» тасжолын жөндеу барысымен танысты

  • 93
Мәжіліс депутаты «Петропавл-Қорған» тасжолын жөндеу барысымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысында «Петропавл-Қорған» бағытындағы күре жолды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оның барысымен Парламент Мәжілісінің депутаты Петр Шарапаев танысты. Екі ел арасындағы маңызды аумақты жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ел қазынасынан 27 млрд теңге қарастырылған. Құрылысшылардың айтуынша, жолдың ені екі есе, яғни 13 метрге дейін кеңейтіледі. Ал үстіңгі қабатына бетон жабындысы мен қалың асфальт төселеді. Қазіргі уақытта онда 600 адам мен 400 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Тас жол 2019 жылы пайдалануға беріледі. Бұл Қазақстан мен Ресей елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.

Петр Шарапаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Мен осында тура бір жыл бұрын жөндеу жұмыстары басталғанда болғанмын. Жұмыс қарқыны жақсы. Сапасы да ойдағыдай. Барлығы жоспар бойынша. Бұл жолды екі елдің азаматтары да күтіп отыр. Сондықтан жұмыс уақытылы аяқталуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы