356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыр өңіріндегі ескерткіштердің интерактивті картасы әзірленеді

  • 118

3D форматындағы бұл жобада аймақтағы бірқатар тарихи-мәдени мұра объектілері қамтылады.

Олардың ішінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілген нысандар да бар. Интерактивті картаны мамандар қараша айында іске қоспақ. Оны өңірдегі ескерткіштерді қорғау мекемесінің арнайы сайтына орналастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қызылорда облысында 150 ескерткішке QR код орнатылады. Ал арнайы дайындалатын мобильді қосымшадан ескерткіштер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік туады. Осылайша, өңірдегі ескерткіштер туралы мәліметтер көпшілік үшін қолжетімді бола түспек. Мамандар аталған екі жоба да «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатынын айтты.

Ғалымжан Садықов, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі ММ бөлім басшысы:

- Бұл жоба бойынша далалық зерттеу жұмыстары аяқталды. Яғни бүкіл облыс көлеміндегі 7 аудан бойынша ескерткіштердің фото түсірілімі,олардың 3 модельдері, олар туралы толық ақпарат қамтылатын ақпараттық база қалыптастыру мақсатындағы далалық зерттеу жұмыстары аяқталып отыр. Қазіргі таңда басқару кестесіне сәйкес бұның картаграфиялық негіздемесі жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы