353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық дәрігерлер бастағы қатерлі ісікке күрделі операция жасады

  • 118

Отандық және ресейлік дәрігерлер аса ауыр операция жасады. Ақ халаттылар 66 жастағы ер адамның миындағы қатерлі ісікті алды.

Операция оңайға соққан жоқ. Бастағы ракты жою үшін арнайы қондырғы қолданылды. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Жаңа қондырғы адам басындағы жүйке жүйесін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын қалай болды? Дәрігерлер бүгінге дейін мидағы нервті өзінің білігі мен тәжірибесіне сүйеніп анықтайтын. Ол кезде қатер де басым еді. Ал жаңа аппарат қауіпті сейілтіп, операция уақытын 3-4 есе қысқартады.

Мидағы ісік жойылғасын, адам аттай шауып кетеді деу қиын. Себебі барлық жүйке жүйесі баста орналасқан. Алда-жалда бір нервке зақым тисе, науқас күні ертең сөйлеуден де қалуы бек мүмкін. Сондықтан ақ халаттылар мына монитор арқылы жүйкенің қалайша орналасқанын жаңылмай тауып, қатерлі ісікті лезде жоя алады. Ең бастысы, адам өміріне төнетін қатер аз. 

Юрий Филиппов, қондырғыны құрастырған компания өкілі:

- Нерв пен ісік нүктелері бір-біріне ұқсайды. Жүйкенің сау және ісікке шалдыққан түсын анықтау білікті хирургтың өзіне қиынға соғады. Нейромонитор  бұл тұста көп көмегін тигізеді. Былайша айтқанда, операцияны жеңілдетеді. 

Бүгінгі таңда Америкада ракқа қарсы клиникалардың барлығы осы бір нейромонитормен жұмыс істейді. Бұл қондырғы болмаса, мекемеге лицензия да берілмейді. Ресейде де осы. Ал бізде мұндай аппарат әзірге санаулы ғана. Ресейлік мамандар жыл соңына дейін еліміздегі онкологиялық клиникаларды тағы бес-алты қондырғымен қамтамасыз етеміз деп отыр. Жылына 35 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығатын Қазақстан үшін бұл қондырғы ауадай қажет.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Марат Диханбаев

Хабар 24 телеарнасы